Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте үндістандық студенттердің өліміне байланысты зейнеткер шартты түрде сотталды

Фото: ljubaphoto / Getty Images

Шымкентте қауіпсіздік талаптарын сақтамай, пәтерін шетелдік студенттерге жалға берген зейнеткерге қатысты сот үкімі шықты. Ол екі үндістандық студенттің өліміне себеп болғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды, алайда жаза шартты түрде тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың дерегінше, айыпталушы Қарасу шағын ауданындағы пәтерінде "Газ және газбен жабдықтау туралы" заңның талаптарын бұзып, газды су жылытқыш орнатқан. 2024 жылдың тамызында ол бұл пәтерді Үндістан Республикасынан келген бес студентке жалға берген. Бір айдан кейін олардың екеуі иіс газынан уланып, көз жұмған.

"Танташева Амина Оспанхановна Қылмыстық кодекстің 306-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 63-бабы қолданылып, жаза шартты деп есептелсін", – делінген сот мәлімдемесінде.

Айыпталушы кінәсін толық мойындап, асырауындағы кәмелетке толмаған баланың бары және зейнет жасында екені ескерілген. Прокурор 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраса, жәбірленуші тарап үкім шығару мәселесін соттың қарауына қалдырған. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.


“Сырты бүтін, іші түтін": Оралда орналасқан жатақхананың жағдайы жұртты шошытты


Балқашта белгілі ерлі-зайыпты дәрігер қайғылы жағдайда көз жұмды


Еске салсақ, 2023 жылы 30 қараша күні Алматыдағы Шәріпов көшесінде орналасқан хостелде өрт шығып, 13 адамның қаза тапқаны туралы жазған едік. Қаза тапқандардың ішінде 4 шетел азаматы да бар.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 08 Қазан, 2025 08:30
Талқылау