Конор Макгрегор 2026 жылы қайта октагонға оралады
Фото: Getty Images
UFC жұлдызы Конор Макгрегор антидопинг ережесін бұзғаны үшін 18 айға дисквалификация алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ирландиялық спортшы 2024 жылдың 13 маусымында, сондай-ақ 19 және 20 қыркүйегінде өзінің нақты орналасқан жері туралы мәліметті уақытында бермеген. Осы себепті антидопинг агенттігі Макгрегорды жарыстардан шеттету туралы шешім қабылдады.
Шеттету мерзімі 2024 жылдың 20 қыркүйегінен басталып, 2026 жылдың 20 наурызында аяқталады. Бастапқыда жаза 24 айға есептелген еді, алайда Макгрегордың тергеуге белсенді түрде атсалысуына байланысты мерзім қысқартылды.
Айта кетсек, Макгрегор соңғы рет октагонға 2021 жылдың шілдесінде шығып, Дастин Порьеден жеңілген болатын. Ол келесі жекпе-жегін 2026 жылдың маусымында АҚШ-та өтетін UFC турнирінде Майкл Чендлерге қарсы өткізуді жоспарлап отыр.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады

