Головкиннің Даңқ залына енуіне қатысты пікірталас: америкалық сарапшының жауабы
Фото: Reuters
АҚШ-тың танымал спорт журналисі Дэн Рафаэль қазақстандық Геннадий Головкиннің жақын уақытта Халықаралық бокс даңқ залына (IBHOF) енгізілетініне сенімді екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін Головкиннің есімі Даңқ залына ресми түрде ұсынылғаны хабарланған. Үміткерлерге арналған шешуші дауыс беру желтоқсан айында өтеді.
Дегенмен америкалық боксшы Райан Гарсия Головкиннің мансабында атақты қарсыластар аз болғанын айтып, оны Даңқ залына лайық емес деп есептейтінін жеткізді.
Осыған жауап ретінде Рафаэль Х әлеуметтік желісінде өз пікірін білдірді: "GGG еш қиындықсыз таңдалады. Ал Райан ол жерге билет сатып алғанда ғана кіре алады", — деп жазды ол.
Сонымен қатар америкалық сарапшы қазақстандық боксшыны тарихтағы ең мықты орта салмақ өкілдерінің бірі деп атады: "GGG — барлық уақыттағы үздік он орта салмақ боксшысының қатарында", — деді Рафаэль.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен

