Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқ залына ұсынылды
Фото: Getty Images Sport
Қазақстандық танымал боксшы, орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқ залының (IBHOF) үміткерлер қатарына енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұйым алдағы 2026 жылғы тізімге дауыс беру үшін арнайы бюллетеньдер таратқан. Сол арқылы әлемнің беделді спорт журналистері мен бокс тарихшылары өз таңдауларын жасайды.
Ерлер арасындағы үміткерлердің ішінде алғаш рет Геннадий Головкин, екі салмақта чемпион болған америкалық Вернон Форрест және ирландиялық бокс аңызы Стив Коллинз бар. Әйелдер санатында жапондық бес дүркін чемпион Наоко Фудзёка, неміс боксшысы Кристина Хаммер және мексикалық Жэки Нава ұсынылған.
Қорытынды нәтиже желтоқсан айында белгілі болады. Дәстүр бойынша дәл сол кезде Халықаралық бокс даңқ залына енгізілетін жаңа есімдер жария етіледі.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен

