Шымкентте "Самал" базарының маңында ірі өрт шықты (видео)
1 тамыз күні Шымкентте "Самал" базарының артқы жағында ірі өрт шығып, ғимараттан бөлек, сол маңда тұрған көлік зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өрт туралы хабарлама 1 тамыз күні сағат 10:37-де Абай шағын ауданы, Рысқұлов көшесі мекенжайы бойынша келіп түскен.
"Самал базарының артында орналасқан ғимараттың ауданы 60 шаршы метрді құрайды. Шатыры толығымен жанып, сол маңда тұрған Kia Optima көлігінің алдыңғы бөлігі зақымданған. Өртті сөндіруге жарты сағаттай уақыт кетті. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда", - деп хабарлады Төтенше Жағдайлар департаменті.
Өртті сөндіруге Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 12 қызметкері мен 3 бірлік техника, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ