Шымкентте "прокурордың әйелімін" деп шу шығарған келіншек жауапқа тартылды
Шымкентте күзетшімен жанжал шығарған "прокурордың әйелі" айыппұл төлейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кең таралған видеоның кейіпкерін жауапкершілікке тартты.
"Бүгін сот өз шешімін шығарды. Құқық бұзушының өз кінәсін түсініп, кешірім сұрағанын, сондай-ақ асырауында үш кішкентай баласы бар екенін түсіндіріп, 5 АЕК (шамамен 15 мың теңге) айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді тәртіп сақшылары.
Еске салайық, бір күн бұрын әлеуметтік желіде өзін "Қызылорда облысының прокурорының әйелімін" деп таныстырған келіншек пен күзетші арасындағы жанжалдың видеосы тараған болатын.
Облыс прокуратурасы прокурордың әйелінің аты-жөні Татьяна Бижанова екенін, "бейнежазбада басқа адам бейнеленгенін" айтты.
Бейнежазбадағы әйелдің кім екенін Шымкент полициясы анықтаған. Ол 1984 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
