Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте өрт шыққан күкірт зауытының өкілдері қауіпсіздік шараларын бұзғаны анықталды

Шымкентте күкірт зауытының өртінен зардап шеккен үш адам ауруханаға жатқызылды, олардың екеуі уланды, біреуінің денесінің 25 пайызын күйік шалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Өртті сөндіруге 150-ден астам адам, 40 техника, тіпті өрт сөндіру пойызы да жұмылдырылды. 

"Үш науқастың да жағдайы орташа ауыр, біреуін ауруханадан шығардық, алайда екі науқас әлі ауруханада, бірі күйік бөлімінде және бір әйел токсикология бөлімінде жатыр", – дейді Орынбаев атындағы гипербарикалық оксигенация орталығының бас дәрігері Мәдина Ермаханбетова.

Шымкент тұрғындары күкірттің ащы иісін сезгенін айтады. Сол күні экологтар ауадағы күкірт диоксиді рұқсат етілген концентрациядан 40 есе, көмірқышқыл газы 1,6 есе асып кеткенін анықтады. Өрт шыққан күні жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары эвакуацияланған, бірақ қазір үйлеріне оралды.

Бір күн бұрын экологтар ауаға бақылау өлшемдерін жүргізіп, көрсеткіштер қалыпты. Адам денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Индустриалды аймақ аумағындағы учаске кәсіпкерге 2021 жылы жалға берілген.

"Олар өрт қауіпсіздігінің барлық шараларын сақтау керек еді. Енді барлық шығынды өтеуі тиіс. Ал егер өтемесе, сотқа жүгінеміз", –дейді индустриялық аймақтың коммерциялық департаментінің директоры Мұқағали Шынарбаев.

Құтқарушылар өрт қауіпсіздігі бойынша бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Полицейлер "Экологиялық қауіпті химиялық немесе биологиялық заттармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте күкірт зауытынан өрт шыққаны айтылды. 

Талқылау