Қазақстан паралимпиада ойындарында медаль саны бойынша өз рекордын орнатты
Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы 9 медаль жеңіп алды. Бүгін жарыстың соңғы күні. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Париждегі дүбірлі додада қазақстандық спортшылар медаль саны бойынша өз рекордын жаңартты. Бұған дейін паралимпиадашылар жазғы не қысқы ойындарда 1 алтыннан артық ұтпаған.
Паралимпиада спортшылары жеңген 9 жүлденің екеуі алтын, үш күміс, 4 қола медаль бар.
Алтын медаль жеңгендер:
Давид Дегтярев – пара пауэрлифтинг;
Ақмарал Науатбек – пара дзюдо.
Күміс медаль жеңгендер:
Еркін Ғаббасов – пара нысана көздеу;
Нұрдәулет Жұмағали – пара жүзу;
Ерғали Шамей – пара дзюдо;
Қола медаль жеңгендер:
Даяна Федосова – пара дзюдо;
Дастан Мұқашбеков – пара жеңіл атлетика;
Зарина Раифова – пара дзюдо;
Жұрқамырза Шүкірбеков – пара дзюдо.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.

