Маңғыстаудағы оқушылардың жаппай улануы: Екі бала жансақтау бөлімінде жатыр
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай уланып, ауруханаға түскен балалардың жағдайымен танысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Маңғыстау облыстық әкімдігі
Қазір ауруханада 67 бала ем қабылдап жатыр. Уланған екі бала жансақтау бөлімінде екен.
"Науқастарға тиісті емдеу шаралары тағайындалған. Дәрі мен төсек-орын жеткілікті. Қазір ең маңыздысы – балалардың денсаулығы", – деді облыс әкімі.
Еске салайық, балалардың жаппай улануы Бесшоқы ауылында тіркелген еді. Соңғы деректерге сәйкес медициналық көмекке 141 бала жүгінген. Оның ішінде 82 оқушы емханада ем қабылдап жатса, 43 бала үйде дәрігердің бақылауында, 16 бала ауруханаға жатқызылған.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”