Демалыссыз 104 күн жұмыс істеген ер адам ішкі ағзаларының қызметі тоқтағанынан көз жұмды
Қытайда 30 жастағы ер адам 104 күнде 1 рет қана демалыс алған. Салдарынан ішкі ағзалары қызметін тоқтатып, ол көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Luke Roberts/Wikimedia Commons
Ер адам бояу-сырлау жұмыстарымен айналысқан. Бұл аралықта ол тек 1 күн демалыс алуды шешіпті. Алайда үш айдан аса уақыт өткен соң ол өзін жайсыз сезініп, денсаулығына байланысты демалыс алған.
Ер адамның жағдай нашарлап, ауруханаға жатқызылыпты. Дәрігерлер оған өкпе инфекциясы мен тыныс алу жеткіліксіздігі диагнозы қойған. Бірақ ем көмектеспей, ол көз жұмды.
Сот жұмыс беруші заңды бұзып, артық жұмыс істеу қызметкердің денсаулығына кері әсер еткенін анықтаған. Енді марқұмның отбасына 56 мың доллар өтемақы төленеді.
Талқылау