Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте қорғауға алынған табиғи аймақтар таратылуда

Заңгер, қоғам белсендісі Бақытжан Базарбек Шымкентте табиғатты қорғау аумақтары таратылатынын мәлімдеді. Айтуынша соңғы жылдары қалалық дендросаябақтағы бірнеше гектар жер коттедждер салу үшін берілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Заңгер Бақытжан Базарбек Шымкент дендросаябағының алаңы азайып, жеке құрылыстарды салуға берілгенін мәлімдеді. Ер адам саябақтың аумағы 2018-2019 жылдары 120 гектарды құраса, қазір 117 гектардан сәл асатынын жеткізді. Адвокаттың айтуынша мемлекеттік жер кадастрының мәліметтер базасын талдау кезінде ол иеліктен шығарылған жер аймағын тапқан.  Бұл ерекше қорғауда тұрған табиғи учаскенің бұрынғы бөлігі деп тұжырымдайды.

“Дендро бақтың бұрынғы аумағының шекараларының контурында 46-дан астам жер учаскелері орналасқан. Қазір бұл жерлер қарғауға алынған жерлердің қатарына кірмейді. Олар жеке тұрғын үй салу мен коттедж қалашығының құрылысына арналған. Болжам бойынша олардың иеліктен шығарылған кезеңі 2018-2019 жылдар”,- деді Бақытжан Базарбек. 



Адвокаттың айтуынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері мемлекеттік меншікте және иеліктен шығаруға жатпайды.

Ал Шымкент әкімдігі бұл мәлімдеменің жалған екенін айтты. Олар қала әкімінің қаулысымен дендросаябақ вело және жүгіру жолдарын салу үшін уақытша қала құрылыс басқармасына берілген. Кейін жол салынғаннан кейін ол қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қайтарылды. Әкімдік бақтың ауданының өзгеріссіз қалатынын жеткізді.

“2009 жылғы 4 желтоқсандағы және 2019 жылғы 11 қарашадағы мемлекеттік актілерге сәйкес дендросаябақ алаңы 117 гектарды құрады және 2009 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін бақтың алаңы өзгерген жоқ. Оның жер учаскелері коттедждер салу үшін сатылды деген жалған ақпарат”,- деді Шымкент қаласының жайлы қалалық ортаны дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мақсат Әбдіқадыров.

Бақытжан Базарбек тексеру үшін жер ресурстарын басқару департаментіне жүгінді. Жер қатынастары саласындағы өткір мәселелерді шешу жөніндегі Республикалық комиссия да дендросаябақ кімнің қарамағында екенін және жеке меншік иелеріне берген-бермегенін анықтауға кіріскен.

Талқылау