Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шығынға баттық": Петропавлда жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпкерлер автобус қозғалысын тоқтататындарын айтты

Петропавлда жолаушылар тасымалы саласында жанжал туындауда. Кәсіпкерлер жарты миллиард теңге қарыз әкімдікке наразылығын айтуда. Бұған дейін автопарктерге тиісті субсидиялар төленбеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

“2021 жылға арналған жолаушылар тасымалын субсидиялау үшін салынған қаражат жеткіліксіз болып шықты. Болжам бойынша 450 миллион көлеміндегі қаражат тасымалдаушыларға төленген”,-деді СҚО автокөлік одағы қауымдастығының төрайымы Галина Семенова.

Өткен жылы тасымалдаушылардың әрқайсысы 40 миллион теңгеден лизингке жаңа автобустар сатып алғаны анықталды. Содан кейін шенеуніктер әлеуметтік маңызы бар маршруттар мен бенефициарлардың жүруін субсидиялауға уәде берген. Бірақ алғашқы лизинг төлемдерінің мерзімі келгенде, шенеуніктер үнсіз қалған. Енді тасымалдаушылар мойынына жүктелеген қарызды қалай төлеуге болатынын білмейді. 

“Бұл жерде кәсіпкер тасымалдаушы қарызға батайын деп тұр. Салықтар бойынша бізде зейнетақы төлемдерін төлеуге қаражат жетпейді деп айта аламын. Уақтылы аударылмау, яғни бұнда да өсімақы бойынша жүктеме жасалады”,-деді тасымалдаушы Бауыржан Құсайнов.



Субсидиялар бойынша берешек шамамен жарты миллиард теңгені құрады. Қалалық әкімдік төлемдерден бас тартылмайтынын, бұл соманың өткен жылдың соңында, жанар-жағармай бағасы екі есе өскен кезде пайда болғанын айтып, салдары қосалқы бөлшектер мен басқа да шығындар бағасының одан әрі өсуіне әкелетінін жеткізді. Қала шенеуніктері тіпті облыс бюджетінен қосымша қаражат алуға үміттеніп, облыстан көмек сұрауға мәжбүр болған.

“Біз осынша қарыз бар деп өтінім жаздық және оны негіздедік. Сонымен қатар бізде аудит жүргізілді. Бұл аудит ешқандай бұзушылықтарды анықтаған жоқ. Форс-мажор деп айтуға болатын 467 млн теңгеге қатысты мәселеге байланысты біз оның бәрін қалалық бюджеттен төлей алмаймыз”,- деді Петропавл қаласының әкімі Жанболат Батырбеков.

Әкімдікте кәсіпкерлермен қалай төлем жасау керектігі туралы мәселелер көтерілсе, кейбірі шетте қалып, қоғамдық көліктің жұмысын тоқтата тұру туралы ойлануда.

“Егер қоғамдық көлік тоқтаса қандай резонанс болатыны белгілі. Сондықтан біз бір шешімін табайық”,- деді тасымалдаушы Болат Рахимов.

Талқылау