Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ер адам қызға пышақпен шабуыл жасаған

Шымкентте белгісіз ер адам көшеде кетіп бара жатқан қызға пышақпен шабуылдаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Күдікті ұсталды. Полицияның мәліметінше, ер адам өз үйінде жасырынып жатқан жерінен қолға түскен. Бұл 22 жастағы жігіт болып шықты. Күдіктінің қызға қандай мақсатпен шабуыл жасамақ болғаны белгісіз. Шабуыл жасаған адамның қазір полиция бөлімінде.

"Полиция қызметкерлерінің тәулік бойы жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті бейнекамераның көмегімен анықталып, тұрғылықты жерінде ұсталды. Бұл оқиға Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша тіркелді. ҚР-ның "Бұзақылық" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі.

Егер оның кінәсі дәлелденсе, жігіт екі мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейін бас бостандығын шектеуге, не бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Еске салайық, қылмыс Шымкенттегі Нұрсәт шағын ауданында болған. Шабуыл сәті бақылау камераларына түсіп қалған. Бойжеткен айқайлап үлгерген, содан кейін шабуылдаушы қашып кеткен.

Дана Русланқызы
Жұма, 15 Шілде, 2022 18:28
Талқылау