Шымкентте екі полиция қызметкері алаяқтық жасады деп күдікке ілінді
Шымкентте екі полиция қызметкері ұсталды. Олар алаяқтық бойынша күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Күдікке ілінгендердің бірі – бұрынғы тергеуші, ал екіншісі – Абай аудандық полиция басқармасының тергеу бастығы.
Оларды 2 маусымда ҰҚК департаментімен бірлесіп ұстаған.
"2 маусымда бірлескен жедел іс-шараларды өткізу барысында Шымкент қаласы ПД ҰҚКД және ҰҚКД қызметкерлерімен бұрынғы тергеуші және Абай ОЖБ тергеу бастығы ұсталды", – деп мәлімдеді Шымкент ПД.
Олар алаяқтық жасады деп күдіктелуде. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады