Шымкентте екі қолы мен бір аяғы жоқ жетім бала ән айтып көпшілікті жылатты (видео)
Шымкентте 20 жастағы жігіт Нышанбай Оңғарбаев ән айтып, көпшілікті жылатты.
Мүгедек баланың видеосын Instagram парақшасына блогер Дәулет Мұқаев жариялады. Оның айтуынша, мүгедек жігіт жетімдер үйінде өскен. Бүгінде пәтер жалдап тұрады.
"20 жастағы Нышанбай Оңғарбаев Шымкент қаласындағы "Тасарық" жетімдер үйінде тәрбиеленген. Екі қолы мен аяғы жоқ. Қазір қалада пәтер жалдап тұрады. Мемлекеттен алатын 56 мың теңге жәрдемақы бар қажеттілігін өтемейді. Өзі І топ мүгедегі. Аяғындағы протезі ескіріп, аяғын қажап кеткен. Оны ауыстыруға ақшасы жоқ. Егер көмек қолын созам деушліре болса, 8-702-56-11-44 нөміріне хабарлассын", - деді блогер.
Желі қолданушылары мүгедек баланың зарын тыңдап, көз жасына ерік берді. Көпшілікті көмек көрсетуге шақырды.
"Шамасы келген жан болса, мына балаға көмектесіңіздерші", "Нышанбайға сабыр тілеймін, жетім балаға жақсылық жасайық", - деп жазды олар.

"Мүгедектер мен аурулар саны артып келеді": Бір аптадан бері түтінге тұншығып отырған атыраулықтар дабыл қақты
