Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте екі кішкентай қызды зорламақ болды

Шымкентте кәмелетке толмаған екі қызға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ата-анасы екі досымен бірге 14 жасқа толмаған қызын зорлаған

Polisia.kz порталының мәліметінше, 11 маусымда қала полициясына белгісіз тұлға бес және сегіз жастағы қыздарды зорламақ болғандығын хабарлаған.  Екі дерек бір күнде, әртүрлі жерлерде және әртүрлі уақытта жасалған. Күдікті ата-анасының қарауынсыз қалған, кәмелетке толмаған қыздарға жақындап, оларға әртүрлі нәрсені айтып, сеніміне кіріп, алып кеткен.

Қылмысты ашу үшін сол күні арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Мекенжайды тексерді.

Көп ұзамай күдіктіні қолға түсірді және изоляторға қамады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Бұрын сотталмаған, үйленбеген, жұмысқа орналаспаған. Ұсталған азамат қылмысын мойынды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің «Кәмелетке толмағанға сексуалдық сипаттағ күш қолдану әрекеттері» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыруды не өмір бойы бас бостандығынан айыруды немесе 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Тиісті сараптамалар тағайындалып, олардың нәтижелері бойынша процессуал шешім қабылданады.

 

STAN.KZ
Жұма, 19 Маусым, 2020 06:48
Талқылау