Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте дәстүрлі санақ жұмыстары басталды

Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев және Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Сырым Мәдиевпен бірге "Оқушылар сарайында" құрылған №6 нұсқаушылық учаскенің жұмысымен танысып, бүгін басталған дәстүрлі санақта интервьюерлерге сәттілік тіледі.

түсіндіру

Ұлттық санаққа дайындық жұмыстары кезінде Әл-Фараби ауданындағы нысандарды толық қамту мақсатында 28 учаскеге бөлінген болатын. Бүгінде ұстаздар, орам басқарушылары және ерікті жастардан құралған топта 1 айға созылатын ақысы төленетін 192 интервьюер санақ жұмыстарын бастады.

1 қыркүйекте басталған онлайн режимдегі санақ жұмыстары 15 қазанға дейінгі аралықта жалғасады. Ал дәстүрлі түрде интервьюерлердің көмегімен 1-30 қазан аралығында өткізіледі. Бұл кезеңнің жаңалығы – интервьюерлер үй аралау кезінде электронды планшет қолданады.

Шымкент қаласы тұрғындарына санақшыларға ашық мәлімет ұсынып, санақтың әділ өтуіне ықпал етуін сұраймыз.

Дидар Халық
Жұма, 01 Қазан, 2021 15:04
Талқылау