Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте COVID-19 індеті өршіп тұрған шақта жұмыс істеген дәрігерлер өтемақы талап етуде

Шымкентте індет өршіп тұрған шақта инфекциялық аурухананың жаңа бөлімшесінде жұмыс істеген жетпіске жуық азамат үстеме ақысыз қалған. "Рио клиника" емханасының ғимаратында ковидпен ауырғандарды емдеп, өзіміздің өмірімізді өлімге тіктік деген санитарлар мен медбикелер уәде етілген ақшаның өтелгенін қалайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап.

даригер (1)

Ал емхананың директоры болса уақытша провизор ашуға әкімдік бұйрық берген дегенді алға тартады.

Ковид өршіген тұста жұқпалы ауруханадағы науқастарды емдегендердің айтуынша, о баста үкіметтен қыруар ақша төленеді делінген. Бірақ 69 қызметкердің еңбекақыларын ала алмай жүргеніне бірнеше ай болыпты. 

"Жұмысқа қабылдар кезде сегіз жүз елу мың теңге деп айтылған. Одан жұмыс жасап жүргенде сегіз жүз елу мың қысқарды, төрт жүз жиырма бес мың теңге аласыңдар деді", - дейді Шымкент қаласының тұрғыны Ұлзада Жұманова.

Екінші тұрғын Әлімжан Құлбековтің сөзінше, бүгін-ертең аударамыз деп айтып келе жатқанына бірнеше ай болған. Айлығымыз әлі жоқ дейді ол.



Ал емхананың бас дәрігері ковид өршіген тұста қала әкімінің орынбасары мен басқарма басшысы келіп, 100 орынға арналған инфекциялық аурухана бөлімшесі ретінде уақытша жұмыс жүргізуге бұйрық берді деді. Бар-жоғы отыз күн жұмыс жасадық деп отыр.  

"Мемлекет тарапынан бөлінетін ақша. Біздің қалтамызда шотымызда тұрса бізді баяғыда жеп қояр еді. Тіпті заң қызметкерлерін шақырып алып, заңсыз әрекет жасап халықтың ақшасын бермей отырғанымды айтар еді", - дейді "Рио клиник" емханасының бас дәрігері Гүлжамал Анарбайқызы.

Сондай-ақ, алғашқы айда 850 мың теңге төленсін деген министр бұйрығында келер айдың төлемі 425 мыңға төмендегенін де қызметкерлерге түсіндірдік дейді бас дәрігер. Бірақ санитарлер мен медбикелер бұған келіспеген екен.

Ақберен Амангелді
Сейсенбі, 26 Қазан, 2021 09:49
Талқылау