AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте бір науқас Конго-Қырым безгегі күдігімен ауруханада жатыр

Шымкентте Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының ықтимал жағдай тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

аурухана

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, 16 мамыр күні Шымкент қаласында бір науқас осындай күдікпен ауруханаға жатқызылған.

Түркістан облысы Бәйдібек ауданының 46 жастағы тұрғыны "асқазан-ішек жолдарынан қан кету, өткір ауыр ағымы" диагнозымен облыстық клиникалық ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізілген. Осы күні науқас Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы қаупі диагнозымен Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды.

Бүгінгі күнге науқастың жалпы жағдайы интоксикация мен геморрагиялық синдромға байланысты ауыр. Науқас оқшауланып, Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Науқаспен қарым-қатынаста болған 15 адам анықталды, оның ішінде 9 адам - медициналық қызметкерлер, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Шымкент қаласы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының қолайсыз аймақтар қатарына жатады. Өткен жылы оның 2 жағдайы тіркелген.

Қалада кене шағып медициналық көмекке қаралған 284 адам тіркелді (2021 жылдың ағымдағы мерзімінде – 94 адам), яғни өткен жылдың осы мерзімімін салыстырғанда кене шағу жағдайы 3 есеге өскен.


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр