AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте әйелдерден құралған қылмыстық топ тұрғындарды 100 миллион теңгеге алдап кетті

Шымкентте алаяқ әйелдер тұрғындарды 100 млн теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz. порталына сілтеме жасап. 

Полицияға ондаған азаматтан арыз-шағым түскен. Жергілікті тұрғындар алаяқтарға алданып қалғанын айтқан.

Әйелдер өздерін мемлекеттік корпорацияның қызметкері ретінде таныстырып, өтеусіз грант пен төмен пайызбен несие беруге уәде еткен. Жәбірленушілерге келтірілген шығын 100 млн теңгені құрады.

Прокурорлар мен полицейлер ведомствоаралық жедел тергеу тобын құрды. Алаяқтыққа 32 мен 39 жас аралығындағы 6 әйелдің қатысы бары анықталды. Қылмыстық топ қалада 2020 жылдан бері жұмыс істеген.



"Қазіргі таңда алты күдіктінің біреуі сотталған, елордада жазасын өтеп жатыр. Төртеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тағы біреуіне мемлекетаралық іздеу жарияланды", - деп мәлімдеді полициядағылар.

Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Жәбірленушілер саны бүгінде 30 адамнан асқан. Алайда құқық қорғау органдарының болжамынша, қылмыстық топ құрбандарының саны 200-ден асуы мүмкін.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр