Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда алаяқ тұрғындарға тиімді инвестиция жасауды ұсынған

26 жастағы Түркістан облысының тумасы адамдарға тиімді инвестиция жасауды ұсынып, аса ірі көлемде ақша ұрлаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

әйел

А. есімді әйел Алматы қаласында шетелдік компанияға инвестиция жасау арқылы, қаржыны екі есеге ұлғайтып беруге уәде берген. Алайда ақшаны алған соң жасырынып қалған. Әзірге күдіктінің 10 адамды алдағаны анықталды. 

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 1996 жылы туған А. есімді азамат тұтқындалған. Оның әр адамнан 7-20 миллион теңге аралығында қаржы алғаны белгілі болды. 

Қазір Әуезов ауданы полиция басқармасында сотқа дейнігі тергеу жүріп жатыр. 

Талқылау