Шымкентте әйел такси көлігінің терезесін кірпішпен ұрып сындырған
Фото: Видеодан скрин
Шымкентте әйел такси жүргізушісінің көлігінің терезесін кірпішпен сындырған. Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады. Кадрлардан әйел адамның көліктің бүйір және артқы терезелерін кірпішпен ұрып, сындырғанын көруге болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан әйелдің "Яндекс.Такси" қызметінің жапсырмасы бар көлікті зақымдап жатқаны анық байқалады.
Шымкент қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты іс қозғалғанын мәлімдеді.
“Өзгенің мүлкін қасақана бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу және тағайындалған сараптамалар нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады", – делінген хабарламада.
Оқиғаның басқа жай-жапсары әзірге жарияланған жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық такси жүргізушісі жолаушы әйелмен арадағы әңгімені жазып алып, оны бопсалағаны туралы жазған едік.
"2050 жылы 73-ақ мың теңге": Қазақстандық әйел өзінің болашақ зейнетақысын есептеп, көзіне жас алды
Барлық жауапкершілік қызметкердің өзіне жүктелген дейді қаржы сарапшысы
Анасын мәжілісте құттықтаған Назаров, жалған ақпарат берген министр Жұманғарин: 2025 жылы басы дауға қалған шенеуніктер
Stan.kz тілшісі орынсыз әрекеттерімен және ерекше мәлімдемелерімен көптің шамына тиген шенеуніктердің тізімін жасады.