Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ауыл шаруашылығындағы ауқымды істер атқарылуда

Мемлекет басшысының халыққа арнаған биылғы жолдауындағы міндетті орындауда Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. 9 айлық есеп бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 31,1 млрд. тг. жетіп, 101,6% артты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 99,3 млн. АҚШ долларын құрап,  103,2 пайызға ұлғайды. Бөлшек сауданың көлемі 331,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдан 108,1 пайызға артты. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығының негізгі капиталы мен тамақ өнімдерінің негізгі капиталына 4269,2 млн. теңге  инвестиция тартылды. 

Сонымен қатар, 29,3 мың   га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары  егіліп (+1,4 мың га), 85,4 мың тонна өнім жиналды (3,0 мың тн.). Қосымша өнеркәсіптік үлгідегі  9 га жылыжай кешені салынып, жалпы көлемі 204 га жетті ("Agro Park kz  ЖШС-5 га, "IGM Corporation" ЖШС- 4 га,).

Мемлекет басшысының айқындаған міндеттерін орындау мақсатында салада   бірқатар негізгі бағыттар айқындалды.

Жоспар бойынша атқарылған жобалардың нәтижесі:
- жалпы өнім көлемі  37 млрд. тг. құрап, еңбек өнімділігі бір жұмысшыға шаққанда 3 млн теңгеге жетеді. 
- 28 инвестициялық жоба іске асырылып, 1500-ге жақын жаңа жұмыс орындары құрылады; 
- 20,0 мың тн бройлер еті қосымша өндіріледі;
- Ірі сауда желілері іске қосылып, сауда базарлары жаңғырып бөлшек сауда көлемі 450,0 млрд. тг. жетеді; 
- Әлеуметтік дүкендер саны ұлғайып, азық-түлік жәрмеңкелерін ұйымдастыру арқылы баға индексі 110% жетеді.

Айта кетейік, биыл салада құны 7,6 млрд.теңгені құрайтын 17 жоба іске қосылып, 248 жаңа жұмыс орыны ашылды.

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 28 Қазан, 2021 17:17
Талқылау