Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттегі әлеуметтік орталық жүйке ауруларына шалдыққан науқастарға 74 миллион теңгеге нан алмақ болған

Шымкентте №2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 74 миллион теңгеге нан сатып алмақ болған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Антикор мәліметінше, орталықтың 240 тұрғыны үшін 225 тонна қара бидай нанын сатып алуды жоспарлаған. Бұған бюджеттің 74 миллион теңгесін жұмсау көзделіпті. Бұл іске Шымкенттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі араласып, орталық басшылығының қитұрқы әрекеті жүзеге аспады. 

Белгілі болғандай, пациенттерге былтыр 12,2 миллион теңгеге 53 тонна нан сатып алынған.

"Департамент мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына сатып алу көлемін төрт есе көбейтуді қайта қарау және оны талапқа сәйкестендіру туралы ұсыныс хат жолдады. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша жоспарланған сома 3,4 миллион теңгеге дейін төмендетілді, қажетті нан мөлшері 25,7 мың нан орамына дейін азайды", - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев.

Талқылау