Шымкентте №61 және №72 маршруттардың қозғалыс сызбасы өзгерді
Шымкентте №61 және №72 маршруттың қозғалыс сызбасы өзгерді. Қаланың кешенді схемасына сәйкестендіріп, халықтың сұранысына ыңғайлап қайта ұйымдастырылып отыр. Бұл туралы Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
№72 "Алаш базары - МШК" аялдамалары аралығында қызмет көрсетеді. Маршрут май шикізат комбинаты аумағындағы тұрғындарды толық қамтитыны анықталды және сызбасы бойынша аймақтың ішіне ендірілді.
Маршруттағы автобус саны 12, сенбі, жексенбі күндері 10 автобуспен қызмет көрсетеді. Ал аралық интервал 18 минутты құрайды. Автобустар кең және сиымдылығы жоғары болғандықтан елдімекендегі тұрғындарды толық қамти алады.
Ал №61 маршрутта зерттеу жұмыстары нәтижесінде адам аз отыратыны анықталды. МШК ауданыңдағы халықты №72 маршрут қамти алғандықтан, бұл маршрут "Ташенов көшесі - 8 көше" аралығында қызмет көрсетеді. Маршруттағы автобус саны - 6, ал аралық интервал 15 минутты құрайды.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ