Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Антикор жемқорлық туралы хабарлап, қомақты қаржы алған екі қазақстандық туралы айтты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров жемқорлық туралы хабарлап, сыйақы алған азаматтарға қатысты деректі бөлісті. Оның сөзінше, 2024 дылы барлығы 35,5 миллион теңге сыйақы берілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

Бигайдаровтың айтуынша, сыйақы 10%-ға дейін, бірақ 4 мың АЕК-тен аспайды. Яғни сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы сенімді ақпарат бергені үшін 15,7 млн теңгеге дейін сыйақы көзделген.

Өткен жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жалпы сомасы 35,5 млн теңгеге 104 азаматты көтермеледі, оның ішінде 38 мемлекеттік қызметші грамоталармен марапатталды.

“2024 жылы Шымкент қаласында 6 млн теңге, яғни пара сомасының 10% "Т" және "Б" азаматтарының қылмыстық іс-әрекетінің жолын кесуге көмектескені үшін "Б" азаматы сыйақы алды. Астана қаласы бойынша департаменті 3 млн теңге сомасына полиция қызметкерлеріне пара беруге итермелеген екі азаматқа қатысты сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін "Т" азаматына сыйақы берді”, – деді ол брифинг барысында. 

Талқылау