Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент полицейлері тұрғындарды 50 миллион теңгеге алдап кеткен күдіктілердің суретін жариялады

Шымкент полицейлері алаяқтық жасаған күдіктілердің суреттерін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ішкі істер министрлігінің ресми Telegram-каналында хабарланғандай, 30 шымкенттік Ақтөбе мен Алматының 31 және 36 жастағы тұрғындары мен тараздық 37 жастағы ер адамның құрбаны болды. Олар келтірген шығынның жалпы сомасы елу миллион теңгеге жуықтады.

"Ағымдағы жылдың шілде айында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінде көзделген "Бірнеше рет жасалған алаяқтық" қылмысын жасағаны үшін Алиса Аманова, Элина Хамидова және Рамис Расимовке халықаралық іздеу жарияланған болатын", - делінген хабарламада.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдіктілер көлік сату сайтында орналасқан басқа біреудің хабарландыруын көшіріп алып, төмен бағада жарнамалаған.  Қоңырау шалған клиентпен кездесу туралы келіскен. Келесі кезекте олар клиенттің атын жамылып, көлік иесіне телефон соғып, онымен де кездесуге келіскен. Қаскүнемдер екі тарапқа да көлікті көруге және көрсетуге туысы келетінін, ақша жөніндегі мәселелерді онымен телефон арқылы шешу керектігін ескерткен. Осылайша олар нағыз сатушы мен сатып алушыны бетпе-бет жүздестірген соң, соңғысына қайта қоңырау шалып, ақшаны өз есепшоттарына аудартып алған.

Талқылау