Шымкент пен Таразда жер сілкінісі сезілді
Фото: istockphoto.com
Шымкент пен Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстандық сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Астана уақытымен 18:44-те болған, магнитудасы 5,9 балл.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 408 шақырым жерде орналасқан.
Шымкенттегі жер сілкінісінің есептік күші MSK-64 шкаласы бойынша 2 балл болды.
Әлсіз дүмпулер Жамбыл және Түркістан облыстарының тұрғындарына да сезілді. Олардың қатарында Тараз, Құлан, Меркі, Ленгер, Сарыағаш және басқа да елді мекендер бар.
Зардап шеккендер мен ғимараттардың бүлінуі туралы ақпарат түскен жоқ.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген