Шымкент дәріханасындағы жарылыс қасақана жасалуы мүмкін – Төтенше жағдайлар министрі
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Шымкенттегі перзентхана маңындағы дәріханада болған жаралыстың бірнеше себебін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің сөзінше, ғимаратта дәрі өндіруге арналған химиялық заттар көп мөлшерде сақталған.
"Бір нұсқа бойынша жарылысқа сутегінің асқын тотығы себеп болуы мүмкін. Келесі – күзет компаниясы жүргізген тергеу кезінде қозғалыс анықталған, нысанда сезбектер іске қосылған. Қасақана жасалуы мүмкін деген нұсқа да қарастырылып жатыр", - деді министр үкімет кулуарында.
Айта кетейік, 21 мамырда Шымкенттегі перзентхана маңындағы дәріханада жарылыс болған еді. Салдарынан үш адам қаза тауып, жақын маңдағы ғимараттар зардап шекті.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”