Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымбұлақтың жоғарғы жағында өрт болды

Шымбұлақ тау шаңғысы курортының үстінде, Тұйық су трактісіндегі үй өртке оранды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт туралы хабарлама 14 қазанда сағат 12.01-де түскен. Оқиға орнына Медеу ауданының өрт сөндіру топтары барған.

"Келген кезде бір қабатты ағаш ғимараттың ашық жалынымен жанып жатқаны анықталды. Өрттің жақын маңдағы шыршаларға ауысу қаупі болды. Қабылданған шаралар өртті сағат 12.45-те оқшаулады. Ағаштар қорғалды. Өртті сөндіруге 13 өрт сөндіруші, үш техника жұмылдырылды", - деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі. 

Өрттен зардап шеккендер жоқ.

STAN.KZ
Бейсенбі, 15 Қазан, 2020 14:53
Талқылау