Шімән апа өзін үнемі сынап отыратын көрерменге арнап тосын сый әзірлеуде

Әншілерден қалыспай ән жаздырып, бейнебаян да түсіріп үлгірген Шіман апа енді ене болып ақыл ататын сериалға түсіп жатыр,-деп жазды Stan.kz.

«Халық Шіман әжені жақсы көреді. Сол үшін, осы образ арқылы қазақы отбасы, оның ішінде ене мен келін арасындағы қарым-қатынас және әр аймаққа тән салт-дәстүр секілді ұлттық құндылықтарды дәріптеуге әбден болады деп есептеймін.

Менің комедия жанрында туынды шығарсақ деген идеямды, режиссер Мақсат Оспан бірден қолдады. Осылайша, арасын суытпай, іске кіріскен жайымыз бар», –  дейді белгілі «Әзіл әлемі» театрының актері Ерболат Төлегенов.

Сериал жарыққа шықпай, ақпарат таратудан бас тартқан жоба продюсері Жадыра Ысқақова, сөз арасында, жұмыс атауы, әзірге «Шіман» деп аталатын топтаманың 20 сериядан тұратынын айтып қалды. Сондай-ақ, елімізге танымал бірқатар әнші, бұл отандық туындыда басты ролдерді сомдайды. «Сценарий бойынша, мен Шіман апаның кіші ұлы Ержанның рөлін сомдаймын.

Кино әлеміндегі алғашқы тәжірибем болғандықтан, үлкен жауапкершілікпен қарап, жан-жақты жұмыс жасап жатқан жайым бар.

Түсірілім кезіндегі қызықтармен қатар, қиын тұстары да жетерлік. Бірақ, актер болу – әнші болуға қарағанда қиын дүние екен.  Бастысы, маған ұнайды», – дейді әнші Асхат Тарғын. Ал, келін болуға дайындалып жүрген КТА ойыншысы Мереке Бауыржанқызы  жоба арқылы болашақ енесінің көңілінен қалай шығудың жолдарын үйреніп жүргенін ашық айтты.

«Шіман апаның үш ұлы мен үш өңірден алған келіндерінің қызықты оқиғаларынан тұратын сериал көпшіліктің көңілінен шығады деген ойдамын. Себебі, сценарийде кез-келген отбасыда орын алатын қызықты жайттар баяндалады», – дейді ол.

Айта кетейік, наурыз айында жарыққа шығады деп жоспарланған сериал «Астана» телеарнасының тапсырысы бойынша түсіріліп жатыр. Десе де, «31» мен «7»-ші арналардың да жоба идеясына қызығушылық танытып жатқанын  жасырмады топтама режиссері Мақсат Оспан.

Оқи отырыңыз:

ОҚО-да балалар үйінде өскен жігіт тауып алған 6 млн теңгесін иесіне қайтарған

Атыраулық дәрігерлер неліктен шие иісті мүшеқапқа тапсырыс бергендерін түсіндірді

Жоғалып кеткен алматылық қыздың ағасы: Желіде сөйлескен жігіт қарындасыммен 3 сағат пәтер жалдаған

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр