Көршісіне порно жіберген ШҚО тұрғыны сот алдында жауап береді
Шығыс Қазақстан облысында ауыл тұрғыны әйелге оның қалауынан тыс интимдік видео жіберген. Осы әрекеті үшін ер адам жазаланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Аягөз аймағындағы ауылдардың бірінде тұратын 58 жастағы ер адам 49 жастағы әйелге порнографиялық видео жіберген. Алғашында әйел ауылдағы көршісінің оғаш қылықтарын елемеген, бірақ кейін полицияға шағымданған.
Ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 311-бабы (порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оған 5,8 миллион теңгеге дейін (12 200 доллар) айыппұл төлеу, не қоғамдық жұмыстар не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру қаупі төніп тұр.
Бұған дейін БҚО тұрғыны бейтаныс адамның телефонынан қалаған нөміріне видео арқылы қоңырау шалып, жыныс мүшелерін көрсеткені хабарланған.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ