Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны 73 жасында алғашқы жеке куәлігін алды
Шығыс Қазақстан облысының 73 жастағы тұрғыны алғашқы жеке куәлігін алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін шығысқазақстандықтың қолында 1974 жылғы кеңестік үлгідегі паспорт болған. Алайда оны атасы жоғалтып алған екен.
"Ер адамға жеке басын куәландыратын құжатты алуға Глубоковский полиция бөлімінің көші-қон қызметі көмектесті. Олар Қазақстан азаматы екенін растайтын құжаттарды жинауға жәрдем берді. Содан кейін Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін берді. Енді ер адам жасына байланысты зейнетақы мен маңызды әлеуметтік және медициналық қызметтерді ала алады" - делінген хабарламада.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады