Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысының әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтты

20 қараша орталық коммуникациялар қызметі алаңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов 2025 жылғы өңірдің дамуы туралы баяндады.

Жыл қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім 5,5 трлн теңгеден асады деп күтілуде. Бұл Шығыс Қазақстан ұзақмерзімді дамуға, инвестиция тартуға және тұрғындардың өмір сапасын нақты жақсартуға бағытталған жаңа экономикалық контур қалыптастырып жатқанын көрсетеді.

Негізгі назар негізгі капиталға инвестиция тартуға бағытталған. Өңір ШҚО-ның инвестициялық тартымдылығын арттыру, әлеуетті инвесторларға қолайлы жағдай жасау, әкімшілік кедергілерді азайту және перспективалы бизнес-идеяларды қолдау бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.

"Бүгінде облыстың инвестициялық портфелінде құны бір трлн теңгеден асатын 81 жоба бар. Оның 64-і іске асырылуда, ал жалпы сомасы 55 млрд теңгені құрайтын 15 жобаның биыл іске қосылуы жоспарлануда. Бұл — 400-ден астам жаңа жұмыс орны, жаңа кәсіпорындар, жергілікті өндірушілер мен мердігерлер үшін сұраныс, шағын және орта бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер", — деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов брифинг барысында.

Инвестициялық жұмысқа ерекше серпін берген "Алтай Инвест" форумы осы күзде өтіп, 10 елден 300-ден астам қатысушыны жинады. 740 млрд теңгеге 40 меморандумға қол қойылды. Бұл өңірдің Қазақстандағы ең перспективалы инвестициялық алаңдардың біріне айналып келе жатқанын дәлелдейді.

Нұрила Жұмаділлә
Бейсенбі, 20 Қараша, 2025 18:00