Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында экология департаментінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында экология департаментінің басшысы ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұлттық қауіпсіздік комитетінмен өзара іс-қимыл негізінде өткізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша облыстың экология департаментінің басшысын әшкереледі.

“Экология департаментінің басшысы басқатты пайдалы қазбаларды барлау кезінде қоршаған ортаға эмиссиялауға рұқсат етіп, жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлік субъектілерінен бірнеше рет пара алу бойынша күдікке ілінді”, – деп мәлімдеді Антикор.

Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Талқылау