Шығыс Қазақстан облысында 4 балдық жер сілкінісі болды (видео)
Фото: earth.com
Шығыс Қазақстан мен Абай облысында 4 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 793 шақырым жерде орналасқан.
Фото: earthquake.com
Жер сілкінісі тіркелген өңірлер:
– Абай облысы, Көкпекті ауд., Көкпекті ауылы, 4 балл;
– Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауд., Самар ауылы, 44 балл;
– Абай облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, 4 балл;
– Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауд., Қасым Қайсенов к., 4 балл; .
– Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы 4 балл;
– Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауд., Глубокое к., 3 балл;
– Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауд., Күршім ауылы, 3 балл;
– Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы (Зырян) 3 балл;
– Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы (Лениногорск) 3 балл;
– Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауд., Үлкен Нарын ауылы, 3 балл;
– Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы, 3 балл;
– Абай облысы, Ақсуат ауд., Ақсуат ауылы, 3 балл;
– Абай облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, 2 балл;
– Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауд., Ақжар ауылы, 2 балл;
– Абай облысы, Аягөз ауданы, 2 балл;
– Абай облысы, Семей қаласы, 2 балл;
– Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай селосы 2 балл;
– Абай облысы, Абай ауд., Қараауыл ауылы, 2 балл;
– Шығыс Қазақстан облысы, Құршым ауд., Буран ауылы, 2 балл;
– Абай облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы, 2 балл;
– Шығыс Қазақстан облысы, Құршым ауд., Марқакөл ауылы, 2 балл;
– Абай облысы, Жаңасемей ауд., Жоламан к., 2 балл;
– Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, 2 балл;
– Абай облысы, Мақаншы ауданы, Мақаншы ауылы, 2 балл;
– Абай облысы, Бесқарағай ауд., Бесқарағай ауылы, 2 балл.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін 8 шілдеде Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 6 балдық жер сілкінісі болған еді.

"Кесар тілігін жасағанда баланың басын қоса тіліп жіберген": Ұлына ем іздеген алматылық әйел перзентханадағы дәрігерлерді кінәлайды
