"Пәтерімді жөндеп, қайта сатамын деп артық шығынға ұшырадым": Қазақстандық салық органдарына шағымын білдірді
Қазақстандық жылжымайтын мүлік саласының маманы пәтерді жөндеп, қайта сатамын деп, артық шығынға ұшырағанын мәлімдеді. Ол мән-жайды анықтау үшін Мемлекеттік кірістер комитетіне де жүгінгенін айтты. Сөзінше, олар мардымды жауап бермепті. Керісінше шығынға баттым, дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Маман пәтер сатып алып, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қайта сату арқылы ақша табады екен. Оның сөзінше, ол соңғы рет 25 миллион теңгеге жылжымайтын мүлік сатып алған. Пәтер ішін 4 миллион теңгеге жөндетіп, 35 миллион теңгеге саттым дейді.
"Бұл сомадан таза тапқан пайдам салық органы есептегендей 10 миллион теңге емес, 6 миллион теңге болды. 20 күннен кейін Мемлекеттік кірістер комитетіне ресми түрде өтініш жазып, кеше ғана жауап алдым. Бұл жағдайда олар менің шығындарымды есепке алмаған. Олар сатып алу мен сатудан түскен осы соманың 10% айырмасымен 1 миллион теңге төлеуімді сұрады. Менің ойымша, бұл әділетсіз. Себебі мен жөндеу жұмыстарына, құрылыс материалдары, жиһаз бен жабдықтарға шығындалдым. Демек мен 10 миллион теңге тауып, салыққа 1 миллион теңге төлеуім үшін 4 миллион теңгеге шығындалдым ба?", – дейді ол.
@_nedvizhka_almaty_ #налоговая #справедливость #флиппинг #недвижимость #ремонтквартир #квартиры ♬ оригинальный звук - nedvizhka_almaty
Сондай-ақ маман бұл пәтерді қайта сату үшін құрылыс жұмыстарына ақша төлегенін, бәрінің түбіртегі қолында екенін айтты.
"1 миллион теңге салық төлеуің керек, дейді. Бірақ мен 400 мың теңгесін төлеуге міндетті емеспін. Неге? Өйткені, құрылысшыларға ақша төледім, олар маған түбіртек берді. Демек менің құрылыс компаниясымен келісімім бар және қызмет көрсеткеніне төлеген ақша түбіртегі де қолымда. Менде құрал-жабдықтар, құрылыс материалдары мен жиһаз сатып алғаным туралы түбіртек бар. Адамдар берген түбіртектердің барлығы сақталған. Сонда осы сомадан олар да салық төлейтін болады, яғни олар менен де, олардан да ақша алады деген сөз. Бұл әділетті ме?", – деді ол.
Аталған жағдайға қатысты Stan.kz ақпарат агенттігі мән-жайды білу үшін Қаржы министрлігіне сауал жолдады. Министрлік мәліметінше, шағым білдіруші пәтерді жөндеуге кеткен шығындарының есебін жүргізуі керек.
“Өтініштің мазмұнына сәйкес жеке тұлғаның кәсіпкерлікпен айналысатыны байқалады. Сол себепті ол кісі жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібі режимін таңдап, жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек. Сондай-ақ салықты есептеу кезінде пәтерді жөндеуге кеткен шығындарының есебін жүргізгені жөн. Құн өсімінен түскен кіріс жеке тұлғаларға бірреттік мәмілелер жасауға арналған", – делінген министрлік жауабында.
Айта кетейік, бұған дейін Биыл тоғыз айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда тұрғын үй сатылымының саны 304,4 мыңға жеткені туралы жазған едік. Өткен жылмен салыстырғанда жекелеген айлар бойынша да, жалпы кезең бойынша да айтарлықтай өсім байқалған.