"Шетелге алғаш шығуым": Қарақат Әбілдина 27 жыл бұрынғы естелікті бөлісті
Танымал әнші Қарақат Әбілдина алғаш рет шетелге шыққан сәтінен видео жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/karakat_a/
Әншінің сөзінше, алғаш рет Бельгияның Брюссель қаласына барған.
“Архивті ақтарып отырып, 1997 жылы ең алғаш шетелге гастрольдік сапармен шыққан кездегі видеоны тауып алдым. Консерваторияның екінші курс студентімін. Жасым 19 да. Бельгияның Брюссель қаласында халықаралық жәрмеңке өтетін болды. Қазақстаннан баратын делегация қатарына мәдениет өкілі, өнер көрсететін әнші керек болып, кастинг таңдауынан өтіп, маған бару бұйырады. Алғаш шет елге шығуым. Елшілікте менімен кездесу ұйымдастырып,Түркі әлемінің ұлы тұлғасы Шыңғыс Айтматовтың алдында бір жарым сағат ән шырқап, батасын алу бақытына ие болдым”, – деп жазды әнші.
-
"Неке жаңғырту рәсімі": Қарақат Әбілдина Қыдырәлі Болмановқа қайта тұрмысқа шықты
-
"Күміс тойға жеттік": Қыдырәлі мен Қарақат неке қиған сәтін есіне алды
Сонымен қатар жары Қыдырәлі Болмановпен де қалай танысқанын айтып берді.
"Жастық-ай шіркін” деп, жүрегім лүпілдеп, толқиды әлі?! Ееее…. біздің уақытта қазіргідей техника дамып, әлеуметтік желі болғанда ғой дейсің, талай дүниелер түсірілмей қалды ғой шіркін?! Сапасы болмаса да, әдемі естелікпен бөлісіп отырмын, жақсы адамдарым!
Айтқандай, “Сары бидаймен” кезінде Қыдекеңнің жүрегін дір еткізген екенмін. Оны кейін білдім ғой. Айта берсе қызық көп”, – деді өнер иесі.
Еске салайық, Қыдырәлі Болманов Қарақатты алғаш көрген сәтін есіне алып, түнгі 12-де жатақханасына іздеп барғанын айтқан еді.