Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелдік балаларға Ұлттық қордан ақша аударылғаны рас па – Қаржы министрлігі түсіндірді

Сенат отырысында қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Ұлттық қордан балаларға төленетін төлемнің шетелге кетпейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол Қазақстан азаматтығынан айырылған балаларға ақша аударылғаны туралы ешқандай факт естімегенін айтты.



"Шетелдік балаларға ақша аударылғаны туралы бірде-бір деректі естіген жоқпын. Мұндай ақпарат анықталса, әрине, тиісті шаралар қолданылады. Жобаға қатысудың маңызды шарттарының бірі – Қазақстан азаматтығы. Егер бала ел азаматтығынан айырылса, түскен ақша елде қалады. Барлық баланың шоты БЖЗҚ-да жинақталған, ондай жайт болғанның өзінде ақша ешқайда кеткен жоқ, себебі қазір ол бірыңғай оператор ретінде БЖЗҚ депозиттік шотында жинақталған. Біз оларды жеке банк шоттарына жібермейміз, бұл ақшаның бәрі Қазақстанда", – деді Ержан Біржанов.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық балалар президенттің бастамасымен қолға алынған "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша ақшаны 1 ақпаннан кешіктірмей алатыны айтылған еді. 1 ақпан күні Ұлттық қордан алғашқы төлемдер түсе бастады. Ұлттық қордан балаларға 700 миллион доллар бөлінді

Талқылау