Шетелден көргім келеді – Қайрат Нұртас қызы Алау туралы
Фото: https://www.tiktok.com
Танымал хитмен Қайрат Нұртас Tik Tok жұлдызына айналған екінші қызы Алауға қатысты өз ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айта кетейік, өнер иесінің қызы биімен көпшілікке танымал.
“Алаука тура өзіме, әкесіне ұқсаған. Ол жаратын қыз Құдай қаласа. Біз әлі оны тартып жатырмыз. Мен негізі қызымды бірден шетелден көргім келеді. Ол өзі Қазақстанда қалғысы келеді. Еш жаққа барғысы келмейді. Бірақ мен қарсы емеспін қызыма", – деген пікір айтты әнші.
-
"18 жасқа толмаған": Қайрат Нұртастың екінші қызы көлік айдап жүр
-
"Қалай жүріп-тұратынымды өзім білемін": Қайрат Нұртастың қызы халыққа үндеу жасады
Еске салайық, әншінің қызы желіде жан сырын ақтарып, өзін көп сынамауды өтінген еді.
Желі қолданушысы “Сізге жеке тұлға ретінде емес, Қайрат Нұртастың қызы деп қарағаны көңіліңізге тие ме?” деп сұрады.
"Әрине, көңіліме тигенде де қатты тиеді. Өйткені мен туғанда маған "Қайрат Нұртастың қызы" деген есім бермеген. Маған Алау деген есім берді. Менің атым – Алау. Тағы да айта кететін жайт егер маған: “Сен Қайрат Нұртастың қызысың ғой, суретке түссем бола ма” деп айтса, мен келісімімді бермеймін", – деген еді әншінің қызы.

Алматыда қала күнін тойлауға 380 миллионнан астам қаражат жұмсалған: Тұрғындар қаладағы шешілмеген мәселелерге шағымданды
