Шетелден келген азаматтар ПТР-тестсіз Қазақстанға кіргізілмейтін болды
ҚР бас мемлекеттік санитариялық дәрігері ҚР мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы қаулы жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа қаулы бойынша, 6 қазаннан бастап жолаушылар тасымалындағы тәртіптер өзгеріп, карантиндік талаптар күшейтіледі. Жаңа қаулы тәртібі бойынша, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде кем дегенде 72 сағат бұрын алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтама болмаған жағдайда кіруге жіберілмейді.
Бұған қоса, Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін барлық адамдар термометриядан, сауалнамадан өтеді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде кем дегенде 72 сағат бұрын алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтаманы ұсынады.
Еске салайық, бұған дейін шетелден келген қазақстандықтарды ПТР-тест болмаса екі күнге оқшаулау туралы шешім қабылданған еді.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
