Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелде оқитын қазақстандықтар онлайн оқу кезінде медициналық көмексіз қалды

Шетелде оқып жатқан қазақстандық студенттер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша медициналық көмек ала алмайды. Олар өз шағымдарын білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

COVID-19 жағдайында, шетелде оқитын қазақстандықтар сақтандыруларын жасата алмаған.

"Сәлеметсіз бе! Мен Ресей Федерациясының жоғары оқу орнының студентімін. Маған міндетті медициналық сақтандыру бойынша жеңілдетілген мәртебе беру керек. Қазіргі уақытта менде 2020 жылдың 1 қазанына дейін уақытша сақтандыру қажет. Жеңілдігі бар сақтандыру алу үшін қандай құжаттар керек", - деп жазды Лев Кульбеда есімді қолданушы.

"Мен шетелдік университеттің студентімін, медициналық сақтандыру қоры білім және ғылым министрлігіне мені "артықшылық берілетін" санатқа қосып, тұрақты мәртебеге қосуды сұраймын", - деп жазды Георг Зенгер.



Білім және ғылым министрлігі бұл мәселе қазір бірқатар министрліктермен шешіліп жатыр деп жауап берді.

"Бүгінгі күні республиканың білім және ғылым министрлігі уәкілетті мемлекеттік органдармен  бірлесіп, шетелде оқитын студенттерге МӘМС-те "сақтандырылған" мәртебесін беру бойынша жұмыс жүргізуде. Сіздің деректеріңіз Ұлттық білім беру базасына енгізіліп, МӘМС-те "сақтандырылған" мәртебесін беру үшін білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесінен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесіне жіберілді", - деп әр өтінішке тиісті бөлім жауап беретінін айтты.

Талқылау