Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетел азаматы Қазақстанның оңтүстігінде теракт жасамақ болды – ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті елдің оңтүстігінде теракт ұйымдастырмақ болған шетелдікті ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Осы жылдың басында ҰҚК терроризмге қарсы бөлімшелері Қазақстанның оңтүстігінде қолдан жасалған жарылғышпен террористік акт жасамақ болған шетелдіктің жолын кесті.

Сондай-ақ Астанада радикалды діни ұяшық бейтараптандырылды. Оның 8 мүшесі террористік топ құру, терроризмді насихаттау және қаржыландыру, сонымен қатар өзге де қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінді.

"Осыған ұқсас фактілер бойынша жалпы 19 адам ұсталып, Қазақстанның тағы 4 азаматы әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлайды ҰҚК.

Талқылау