"Шешімді әкімдіктер хабарлайды": Мәжіліс көлік қыздыруға қатысты жаңа норманы қабылдады

Мәжілістің кезекті пленарлық отырысында депутаттар цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік салаларына қатысты бірқатар заңнамалық актілерге енгізілетін түзетулерді қолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құжат жол қозғалысы туралы заңға маңызды өзгеріс енгізуді көздейді.
“Механикалық көлік құралдарын қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған күйінде жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) белгілеген уақыттан артық қоюға тыйым салынады. Бұл талап облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға және астанаға жеке-жеке белгіленеді”, – делінген жаңа нормада.
Аталған шектеу электрмобильдерге, сондай-ақ жедел және арнайы қызметтер тізіміне кіретін көлік құралдарына қолданылмайды.
-
Астанада қыста автокөліктерді 10 минут қыздыруға рұқсат берілмек
Осылайша, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері көлікті қанша уақыт қыздыруға болатынын өз өңірінің ерекшеліктеріне қарай дербес айқындайды.
Мәжіліс сайтында көрсетілгендей, заң жобасы депутаттардың бастамасымен әзірленген. Қазір қабылданып, сенаттың қарауына жіберілді.
Еске салсақ, мәжіліс депутаты Марат Қожаев Қазақстандағы жол қозғалысы ережелері көлікті қыздыру уақытын шектемейтінін мәлімдеді. Яғни қазақстандықтар көлікті қалағанша жылыта алатынын айтты.
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды