Тоқаев ірі банктерді бірыңғай QR жүйесіне көшуді созып отырғаны үшін сынға алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі ірі банктерді бірыңғай QR жүйесіне көшуді созып отырғаны үшін сынға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол Digital Qazaqstan жобасын іске асыруға арналған жұмыс кеңесінде айтты. Президент Ұлттық банк банктер арасында QR арқылы төлем жасауға, аударым жүргізуге және цифрлық теңгемен есеп айырысуға мүмкіндік беретін цифрлық қаржы инфрақұрылымын қалыптастырғанын еске салды.
"Бұл төлем жүйесіндегі делдалдар санын азайтып, шығындарды айтарлықтай төмендетеді. Бұл инфрақұрылымға барлық банктің қосылуы заңмен міндеттелген. Алайда ең ірі банктер осы талапты орындауды созып отыр", – деді мемлекет басшысы.
Еске салсақ, Қазақстандағы дүкендерде кез келген банктен төлем қабылдайтын біртұтас QR-терминалдар пайда болатыны туралы хабарлаған едік.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде