Шерзат Полаттың өлімі: Куәгер балконда тұрып бір топ адамның біреуді аяусыз ұрып жатқанын көрген
Фото: Видеодан скрин
16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы кезінде “Қамажай” дүкенінің жанындағы 5 қабатты үйдің тұрғыны куәгер ретінде жауап берді. Ол мылтықтың дауысынан оянып кеткенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сәкен Әкежанов сот кезінде өзін камераға түсірмеуін сұрады. Сот куәгердің өтінішін қанағаттандырды. Куәгер былтыр қазанның 3-інен 4-іне қараған түні ұйықтап жатып біртүрлі дыбыстардан оянып кеткенін айтты.
“Үйде ұйықтап жатқанмын. Екі рет атылған мылтықтың дауысын естідім. Шота Руставели көшесінде мотциклмен жиі жүреді. Алғашында солар деп ойладым. Бірақ кейін “Көмектесіңдер! Жедел жәрдем шақырыңдар” деген әйелдің дауысын естідім. Балконға шықсам, шамамен 10 жігіт бір адамды ұрып жатыр екен. Олардың бірі қандай да бір затпен соққы жасап жатты. Мен “Жігіттер, жетеді, өлтіресіңдер ғой” деп айқайладым. Осыдан кейін бірден жедел жәрдемге қоңырау шалдым", – деп баяндады куәгер Сакен Әкежанов.
Әкежановтың айтуынша, оқиға прожектордың астында болған. Сондықтан не болғаны анық көрініп тұрды дейді.
Алайда адвокаттар куәгердің сотқа дейінгі тергеу барысында берген жауабына күмән келтірді. Қорғаушылар куәгердің жауабы алдын ала тергеу кезіндегі айтқандарына ұқсамайтынын жеткізді.
“Мен жігіт келіп, жерге отырды деп айтқан жоқпын. Мен балконға шыққанда ол жерде отырған еді, оны ұрып-соғып жатты. Сондай-ақ оның қолында бір зат болды және ол затты айыпталушылардың бірі тартып алды деп нақты айтқан жоқпын. Ол затты жерден алды ма әлде жігіттің қолынан алды ма, білмеймін. Ол заттың мылтық не басқа зат болғанын дөп басып айта алмаймын”, – деді куәгер Сәкен Әкежанов.

“Кадрда көрінбеуің керек": "Жайдарман" ойындарын көруге барған қазақстандық ару орамалы үшін қысымға ұшыраған
