Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Шерзаттың өліміне қатысты айыпталушылардың күлген видеосы желіге тарап кетті: Сот тексеріс бастады

Фото: Видеодан скрин/Нұрқиястың әкесі/мобилограф

Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот отырысы кезінде айыпталушылардың жақындары сотталушылардың видеосы TikTok желісінде тарап кеткенін айтып, наразылық білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айыпталушылардың бірі Нұрқияс Ілиясовтың әкесі камераға түсіруге тыйым салынған айыпталушылардың видеосы тарап кеткенін айтты. 

“Біз балаларымызды түсірмеңдер деп өтініш жасаған едік. Бірақ оларды түсіріп желіге салып жіберген. Олардың қатарында кәмелетке толмаған куәгер де бар”, – деді Нұрқиястың әкесі.

Оның айтуынша, әлдекім айыпталушылардың сот отырысынан күліп шығып бара жатқан сәтін түсіріп алған. Желіде тараған бұл видеоның астына желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған.

Айыпталушылардың жақыны видеоны түсірді деп отырған жігіттердің біріне нұсқады және оны сот залынан шығарып жіберуді сұрады.

Әйел нұсқаған жігіт жәбірленуші тараптың қорғаушысы Мейірман Шәкеевтің мобилографы болып шықты. Алайда ол сот отырысына бірінші күннен бері қатысып жатқанын және айыпталушыларды түсіруге болмайтынын әуел бастан білетінін айтты. Ол айыпталушыларды видеоға түсірмегенін жеткізді. 

“Мен – қорғаушы Мейірман Шәкеевтің мобилографымын. Видео телефонға емес, штативтегі камераға түсірілген”, – деді мобилограф.

Осы тұста судья сот кезінде тікелей эфир жүргізуге болмайтынын және айыпталушыларды түсіруге тыйым салынғанын ескертті.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 05 Мамыр, 2025 11:37
Талқылау