Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Одан басқа да сыйлық берген: Антикор шенеунікке йога кілемшесін сыйлап қомақты айыппұл арқалаған әйелдің ісіне қатысты пікір білдірді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Оралда мемлекеттік қызметкерге йога кілемшесін сыйлаған әйелдің ісіне қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: pixabay.com

Еске салайық, Батыс Қазақстанда спорттық шара барысында жергілікті шенеунікке йогаға арналған кілемше сыйға тартқан йога жаттықтырушысының басы дауға қалды. Араға уақыт салып мемлекеттік қызметкер сыйлық берді деп жаттықтырушының үстінен шағым түсірген. 

Арман Тілеукеновтің айтуынша, келіншек әлеуметтік желідегі парақшасында сот процесінің мән-жайын толық айтпаған. Ол шенеунікке йога кілемшесінен бөлек, пышақтар жиынтығын тарту еткен. 

“Бұл бірінші рет болып тұрған жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмысында әкімшілік тәжірибе қылмыстық тәжірибемен тең. Бірден атап өткім келеді, ол йога төсенішінен басқа, пышақтар жиынтығын да сыйлаған”, – дейді Арман Тілеукенов.

Сондай-ақ ол "сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" Заңның 12-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметшінің бағасына қарамастан қандай да бір сыйлық алуға құқығы жоқ екенін еске салды. Мемлекеттік қызметкер сыйлық алған жағдайда оны мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне өткізуге міндетті.

“Бөлім басшысы этикалық тұрғыдан сот отырысы сыйлықты тапсыруға қолайсыз жер болғандықтан қайтарып бермегенін айтты. Әрине, сотта бұл мән-жайлардың барлығы ескеріледі”, – дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі. 

Сот әйел мен адвокаттың ешқандай әкімшілік құқық бұзушылық жасамағаны туралы уәждерін негізсіз деп тапты. 2 қараша күні йога жаттықтырушысы 690 мың теңге айппұл арқалады. 

Талқылау