Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да шенеунікке йога кілемшесін сыйлаған әйелге 700 мың теңге айыппұл салынды

БҚО-да йога жаттықтырушысы Маргарита Булдаковаға шенеунікке сыйлық бергені үшін айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мой город басылымына сілтеме жасап хабаралайды. 

Фото: instagram.com/Маргарита Булдакова

Оның айтуынша, сыйлық бергеніне төрт айдан астам уақыт өткен, оқиға 21 маусымда "Юность" стадионында Халықаралық йога күні атап өту кезінде болған. Іс-шараға мыңнан астам адам жиналыпты. Булдакованың айтуынша, ол марапаттау кезінде Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының сол кездегі басшысы Қаймен Есендияровқа йога кілемшесін сыйға тартқан.

Алайда төрт айдан кейін жақттықтырушыны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері шақырып, оның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағанын хабарлаған. Дәлірек айтсақ, ол мемлекеттік қызметкерге қызметтік міндеттерін атқару барысында сыйлық берген.

"Салауатты өмір салтын насихаттағаным үшін құқық бұзушы ретінде жауапқа тартыламын. Айыппұл мөлшері – 690 мың теңге. Олар 100% жазалайды, өйткені қазір ешқандай жеңілдік жоқ.

Маусымның 23-і күні облыстық спорт басқармасының басшысы Антикорға барып, сыйлықты тапсырып, менің үстімнен арыз жазғаны белгілі болды. Олар неге екені белгісіз төрт ай уақыт өткен соң, мені әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдапты. Құдайға шүкір, қылмыстық іс емес. Мұны айтып отырған себебім, сіз де мемлекеттік қызметкерге шоколад немесе гүл шоғын сыйлап, ертең ол барып сізге қарсы арыз жазатын болса, осындай жағдайға тап болуыңыз мүмкін. Ал сіз 690 мың теңге айыппұл төлейсіз", – деді Маргарита Булдакова. 

Жаттықтырушы шенеунік сыйлықты сахнада қайтарып беруіне немесе сол жерде басқа біреуге сыйға тартуына болатын еді дейді. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жағдайға қатысты кейінірек түсініктеме беруге уәде берді.

Талқылау