Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шавкат Рахмонов UFC титулы үшін жекпе-жекке шығудан бас тартты

Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов 10 мамырда Квебекте өтетін UFC 315 жарысында Белал Мұхаммадқа қарсы титулдық жекпе-жектен бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz

Отандасымыздың жекпе-жектен бас тартуына жарақаты себеп болған. Рахмоновтың бапкері Эдуард Базров Шавкат бұл уақытта октагонға шығуға 100% дайын болмайтынын айтты.

“Жекпе-жекке шығуға анау айтқандай күрделі қиындықтар жоқ. Тек 10 мамырға дайын болмайтын едік. Біз соңғы жекпе-жектегідей шығуды қаламаймыз. Титул үшін төбелес өте маңызды қадам, әрі үлкен жауапкершілік. Сондықтан жақсылап жаттығып, барлық дайындық кезеңдерінен өткіміз келеді. Біз барлығын есептеп көрдік. Рамазан айының келе жатқанын ескере отырып, 10 мамырда белбеу үшін айқасқа шығу қате шешім болады деген тұжырымға келдік”, – дейді Базров өз сөзінде.

Осылайша, Канаданың Квентек қаласында өтетін UFC 315 турнирінде Белал Мұхаммед өз титулын қорғау үшін Джек Делла Маддаленаға қарсы жекпе-жек өткізетін болды. Бұл кездесу турнирдің басты жекпе-жегі болмақ.

Америкалық ең атақты лиганың президенті Дана Уайт алдағы уақытта Шавкатқа титулдық жекпе-жек берілетінін айтты.

"Біз бірнеше рет Белал мен Шавкат Рахмоновтың жекпе-жегін ұйымдастыруға тырыстық, бірақ Шавкат жарақат алып қалды. Шавкат сауығып кеткен соң, Джек Делла мен Белал жекпе-жегінің жеңімпазымен титул үшін кездеседі. Қазақстандық жауынгер бірінші кезекте тұр."

Айта кетейік, бұған дейін Шавкат Рахмонов UFC титулы үшін Белал Мұхаммадпен кездесу керек еді. Алайда Белал жарақат алып, жекпе-жектен бас тартты.

Талқылау